Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Халықтың көшi-қоны туралы
32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру шарттары

Ескерту. 32-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келуіне визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен қабылдаушы білім беру ұйымының өтінішхаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге оқу орнының немесе білім беру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді. 

Білім алу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруына арналған рұқсатты қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын оқу мерзіміне оқу орнының қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары береді. 

2. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің келуіне визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартып отырады. 

3. Қабылдаушы білім беру ұйымдары білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге олардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ уақытша тұруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағы бойынша жүріп-тұру және Қазақстан Республикасынан кету құқықтарына арналған құжаттарды уақтылы ресімдемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді. 

Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...63

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться