Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Халықтың көшi-қоны туралы
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары

1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.  

"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде еңбек қызметін жүзеге асыруды қоса алғанда, қызметін жүзеге асыру үшін көшіп келушілердің келу, кету және болу ерекшеліктері "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. 

2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді. 

3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді. 

Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді. 

4. Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар визаларды не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды. 

Визасы немесе уақытша тұруға арналған рұқсаты бар көшіп келушілер олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге не болу мерзімі аяқталғанға дейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті. 

Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 6‑1 7 ...63

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться