Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы; 

2) әскери міндеттілерді бекітіп қою – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту; 

3) әскери-экономикалық оқулар – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны; 

4) жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк іс-шаралар кешенi; 

5) жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау – Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасында белгiленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтерiне және талаптарына мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейiнің сәйкестiк дәрежесiн айқындау; 

6) жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi; 

7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi орган – жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 

8) жұмылдыру қуаттары – жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама; 

9) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындауға, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары; 

10) жұмылдыру тапсырмасы – мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма; 

11) жұмылдыру тапсырысы – ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс; 

12) командалық-штабтық оқулар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшы құрамының оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында басқару жөніндегі келісілген қызметке бірлесіп дайындалу нысаны; 

13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөніндегі өзге де iс-шараларды орындау арқылы жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған құрамдас бөлігі; 

14) мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы; 

15) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар; 

16) уақытша қайта тиеу ауданы – әскерлер мен әскери жүктердi көлiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қайта тиеу жүзеге асырылатын жергілікті жер учаскесi; 

17) ұйымның жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін ұйымның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 367-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться