Ст. 25 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V
ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
25-бап. Өңірлік кеңес
1. Өңірлік кеңес өңірлік палатаның байқаушы органы болып табылады және съезд әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен съезд бекіткен тәртіппен қалыптастырылады. 2. Өңірлік кеңес делегаттары өңірлік палатаның аудандық, салалық кеңестеріндегі кәсіпкерлік субъектілері делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы съезд бекіткен тәртіппен төрт жыл мерзімге сайланады.
3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алып тасталды - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Өңірлік кеңесті өз өкілеттіктері мерзіміне жасырын дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен өзінің құрамынан мүшелері сайлайтын төраға басқарады. Өңірлік кеңестің төрағасы лауазымы бойынша төралқа мүшесі болып табылады.
6. Өңірлік кеңес:
1) өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі;
2) басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;
3) съезге делегаттар сайлайды;
4) өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;
5) өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;
6) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;
8) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
9) өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.
7. Өңірлік кеңестің мүшелері өңірлік палаталардың басқару органдарынан және олардың филиалдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпарат сұратуға құқылы.
8. Өңірлік кеңестің шешімдері өңірлік кеңес отырысына қатысатын мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей