Ст. 17-1 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ
Құқықтық актілер туралы
17-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
1. Осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері болып табылады.
2. Өзге де органдар, ұйымдар және азаматтар заң жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе осындай бастамашылық жобаларды орталық мемлекеттік органдардың қарауына беруге құқылы.
Орталық мемлекеттік органдар оларды өздері әзірлейтін заң жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуі мен қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.
3. Орталық мемлекеттік орган, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, заң жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе оны дайындауға шарттық негізде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне, ғылыми мекемелерге, өзге де ұйымдарға, жекелеген ғалымдар мен ұжымдарға, оның ішінде шетелдіктерге, тиісті салалардағы сарапшыларға бөлінген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, тапсырыс бере алады.
4. Орталық мемлекеттік орган заң жобасын әзірлеу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес консультативтік құжатты жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңестерімен (бұдан әрі – сараптама кеңестері) міндетті түрде талқылауға жатады.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдау мен пікірсайысты қамтиды.
Реттелуі жоспарланып отырған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай талқылаулар жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Заң жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Консультативтік құжаттарды, сондай-ақ заң жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
5. Егер заң жобасында ұсынылып отырған құқық нормасы алдын ала сынамалауды талап ететін болса, онда осы құқық нормасы өзі қамтылатын заңмен, оның қолданылуының белгілі бір мерзімдерімен шектеледі және пилоттық жоба жүргізіледі.
6. Мемлекеттік орган пилоттық жоба шеңберінде сынамаланатын құқық нормасын қолдану практикасына талдау жүргізеді, оның барысында оң және жағымсыз салдарлары, осындай реттеуді қолдануға әсер еткен әлеуметтік және өзге де факторлар, пилоттық жобаны жүргізуге байланысты жұмсалған шығыстар мен алынған кірістер айқындалады.
Сынамаланатын құқық нормасын қолданылу мерзімі бойынша шектеу сынамаланатын құқық нормасына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде алып тасталуы мүмкін.
Пилоттық жобаларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленеді.
6-1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаны жүргізу үшін мемлекеттік органдар мұндай пилоттық жобаны жүргізу шарттарын заңнамалық деңгейде бекітуді қамтамасыз етуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті реттеу саласындағы пилоттық жобаға қатысуы тек қана ерікті болып табылады.
7. Заң жобаларын әзірлеу консультативтік құжаттардың негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша қайта қарауға жатады.
Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
8. Консультативтік құжатты әзірлеу жөніндегі талаптар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобаларына және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларына қолданылмайды.
9. Әзірлеуші орган заң жобасын әзірлеу кезінде оны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе осындай дайындауды өзінің бөлімшелеріне тапсырады.
Заң жобаларын әзірлеуге заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеуші органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
10. Заң жобаларын дайындауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатысында қатысуға құқылы.
Әзірлеуші орган заң жобаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.
11. Дайындалған заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.
Мемлекеттік кірістердің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғайтылуы көзделетін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар қоса беріледі.
Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер мұндай қажеттілік болмаса, онда бұл ілеспе хатта көрсетіледі), Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген заң жобаларын қоспағанда, заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган әзірлеуші органға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.
Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар міндетті түрде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлейді.
12. Келісу кезінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес заң жобасы бойынша қорытынды береді, онда заң жобасының жан-жақты пысықталу және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша реттеу нысанасының ашылу фактісін белгілеу қамтылады.
13. Заң жобасы келісуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше белгілемесе, оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заң жобасы бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын дайындауға немесе заң жобасын әзірлеген әзірлеуші органға олардың жоқ екендігін хабарлауға тиіс.
Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері жазбаша нысанда ұсынылады және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және тиянақты болуға тиіс.
Алынған ескертулер бойынша заң жобасы пысықталып, қабылданған және қабылданбаған ескертулер, ескертулерді қабылдамау уәждері туралы анықтама жасалады.
14. Жұмыс тобын құрған әзірлеуші орган заң жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады, оларды жұмыс тобы талқылауға тиіс.
15. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес заң жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын әзірлеуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген актілерді әзірлеу негізделуге, Қазақстан Республикасының Үкіметі жедел заңнамалық шараларды қабылдамаған жағдайда туындауы мүмкін дағдарыстық ахуалды, өзекті сын-қатерлерді, форс-мажорлық мән-жайларды және нақты залалдың ауқымын және қолданылатын шаралардың мөлшерлестігін көрсететін растайтын деректермен бірге жүруге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге заңнамалық реттелуін кейінге қалдыруға болмайтын ережелер ғана енгізілуі мүмкін. Дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қоюға байланысты мәселелерді шешуге қатысы жоқ өзге ережелерді қосуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысының жобасы дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қою мақсатында әзірленген заң жобасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысын дағдарыстық ахуалдарға жедел ден қою мақсатында әзірленген заң жобасынан бөлек әзірлеуге және қабылдауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысын қабылдау осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілген заң жобасының мәтініне сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының Парламенті заңдарды қабылдамағанға дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобаларын әзірлеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей