Ст. 18 Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529
Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
18-бап. Заңдарды қабылдау
1. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырмай қаралады. Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға құқылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаса, заң Президенттің қол қоюына беріледі.
2. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаса, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
3. Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған кезден бастап кемінде қырық сегiз сағаттан соң өткiзiледi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс әр Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.
"Жыл" деген уақыт кезеңі деп осы тармаққа қатысты алғанда ағымдағы жылды (1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығы) түсінген жөн.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар, конституциялық заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен енгізілген заңдардың жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында қаралады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей