Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7-1 Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы
7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері

Ескерту. 7-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған тасқындық электр энергиясының және өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері берген электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Шартты тұтынушылар: 

1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарт жасасуға және электр энергиясы берілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат беруге; 

3) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға міндетті. 

2-1. Басым шартты тұтынушылар осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6, 6-1, 6-2 және 8-тармақтарында көзделген міндеттерді атқарады. 

Басым шартты тұтынушылар жыл сайын қаржы-есеп айырысу орталығымен үлгілік нысанға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алуға шарттар жасасуға міндетті. 

Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін салу кезінде басым шартты тұтынушылар объект пайдалануға берілгенге дейін үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды және жүйелік операторды қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің құрылысы туралы хабардар етеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Қаржы-есеп айырысу орталығы: 

1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, қаржы-есеп айырысу орталығы мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасындағы сатып алу-сату шартын жасасу күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

1-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге; 

1-3) осы Заңда белгіленген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдардан (гидроэлектр станцияларынан) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне олар берген тасқындық электр энергиясын электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен шекті тариф бойынша сатып алуға; 

2) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен, электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша шартты тұтынушыларға сатуға; 

3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, бір жыл алға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланудан өндірілген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есептеп айқындауға және болжамды жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялауға; 

4) осы Заңның 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын шартты тұтынушылар, басым шартты тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын босату көлемдері негізінде алдағы жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыны айқындауға міндетті.  

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады; 

5) 2021 жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының есебі мен шамасын өзінің интернет-ресурсында 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жариялауға міндетті. Кейіннен алдағы жылға 20 қарашадан кешіктірмей жариялауға міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберу жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-2. 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жиырма жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады. 

4-3. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялар) жыл сайын ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес тасқындық электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады. 

5. Қаржы-есеп айырысу орталығы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар: 

1) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат беруге; 

2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей оны шығарудың, желілерге жіберудің тәулік сайынғы нақты көлемдері туралы ақпарат беруге; 

3) қаржы есеп айырысу орталығына жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға; 

4) өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға тәуліктік және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын беру кестелерін ұсынуға; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

6-1. Белгіленген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген міндеттермен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелік оператор белгілеген, электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының жұмыс режимдерін сақтауға міндетті. 

6-2. Су қоймаларымен жарақтандырылған гидроэлектр станциялары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін су режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкіміне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулік ішінде реттеуді жүзеге асыруға міндетті. 

6-3. Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі пайдалануға берілгеннен кейін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында он жыл бойы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің белгіленген электр қуатының кемінде жиырма пайызын ұлғайтуға немесе азайтуға реттеу диапазонында жүйелік оператордың электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді шарт жасасу жылының алдындағы күнтізбелік жыл үшін сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жыл сайын жасалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне жаңартылатын энергия көздерін енгізгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде оларды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді. 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге қоса мынадай материалдар мен құжаттарды: 

1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін; 

2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпаратты береді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өздері аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде өтінім береді. 

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды береді: 

1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері; 

2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпарат. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Басым шартты тұтынушы құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс. 

9. Қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. 

Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 128-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2020 № 380-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ

Статья 1 ...6‑1 7 7‑1 8 8‑1 ...12

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться