Ст. 16 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ
Кәсiптiк одақтар туралы
16-бап. Кәсiподақтардың құқықтары
1. Кәсiподақтардың:
1) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде, жұмыс берушілермен, жекеше кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлердің өкілдері болуға;
2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қою беруге, медиация жүргізу кезінде, сотта, еңбек төрелігінде немесе төрелікте, мемлекеттік органдарда олардың мүдделерiнде әрекет етуге, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге;
3) мемлекеттiк органдарға кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын, олар қабылдаған нормативтік құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшін жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға;
4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтіретін актiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
5) еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға;
7) осы Заңға сәйкес өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
8) келіссөздер жүргізуге, келісімдер және ұжымдық шарттар жасасуға;
9) ақша қорларын қалыптастыруға;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға;
11) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
12) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу және қолдану үшін кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
14) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
15) баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ұйымдарда да жария етуге;
16) кәсіподаққа меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге;
17) жарғылық мақсаттарға сәйкес өз мүшелерінің мүддесіне орай өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға;
18) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, келiсiмдер мен ұжымдық шарттарда кәсiподақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 415-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей