Ст. 1 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II
Действующий аналог
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралыАуылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастығы (одағы)- ауыл шаруашылық серiктестiктерi жалпы жиналысының шешiмдерi негiзiнде құрылатын, олардың жалпы мүлiктiк және өзге де құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қызметiн үйлестiру, мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында және халықаралық ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ серiктестiк мүшелерiне құқықтық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету үшiн ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң ерiктi түрде бiрiгуi;
2) пай - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң оның мүлкiндегi мүше енгiзген пай жарнасының мөлшерiне бара-бар үлесi;
3) пай жарнасы - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң пай қорына ақшалай, жер учаскелерiмен, жер және мүлiк үлестерiмен не ақшалай бағасы бар өзге де мүлiкпен қосқан мүлiктiк жарнасы;
4) мiндеттi пай жарнасы - мiндеттi түрде енгiзiлетiн және серiктестiктi басқару органдарында тең дауыс беру, оның жарғыда көзделген қызметтерi мен жеңiлдiктерiн пайдалану құқығын беретiн пай жарнасы;
5) қосымша пай жарнасы - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң өз қалауы бойынша мiндеттi пайдан тыс не серiктестiктiң жалпы жиналысы көздеген жағдайларда енгiзетiн пай жарнасы;
6) пай қоры - ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшелерi енгiзетiн мүлiк (пай) жарналарынан тұратын және серiктестiк мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
7) ауыл шаруашылық өнiмi - өндiрiстiң толық технологиялық циклынан өткен және белгiленген стандарттарға сәйкес келетiн өсiмдiк және мал өнiмi;
8) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiсi - тауарлы ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
9) серiктестiктiң көрсететiн қызметтерi - ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзу, қайта өңдеу, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сервистiк қызмет көрсету немесе ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тауар өндiрушiлерге көрсететiн басқа да кез келген қызметi;
10) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшесi - ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi болып табылатын және серiктестiкке осы Заң мен серiктестiк жарғысында белгiленген тәртiппен кiрген жеке немесе заңды тұлға;
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей