Ст. 18-2 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451
Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
18-2-бап. Міндетті хабарлар
1. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті. Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылатын бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
3. Міндетті хабарларды:
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар – бір тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары – осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
Ескерту. 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей