Ст. 5 Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I, Закон утрачивает силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы
5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі
1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.
2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін:
"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне де өтініш жасауға құқылы.
2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады.
Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.
2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап, ал осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
2-3. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.
3. Алынып тасталды - ҚР 2001.01.19 N 145 (2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
4. Алынып тасталды - ҚР 2001.01.19 N 145 (2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
5. Жәрдемақы мөлшерін қайта қарау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
6. Алынып тасталды - ҚР 2001.01.19 N 145 (2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
8. "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.
9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерде жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерде сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екенін белгіленген тәртіппен растаған кезде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау күні болып есептеледі.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.01.19 N 145 (01.01.2001 бастап күшіне енеді), 2004.12.31 N 28 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей