Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I, Закон утрачивает силу с 01.07.2023


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы
8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру

1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.  

2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. 

3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.  

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады. 

5. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай: 

1) ол кәмелетке толмаған; 

2) ол заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 

3) ол психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған; 

4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болған жағдайда тағайындалмайды. 

6. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеуді тоқтату үшін мыналар:  

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші; 

2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы; 

3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кетуі; 

4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі; 

5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады. 

7. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 N 482 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2001.01.19 N 145 (2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 8‑1 9

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться