Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
8-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбi

1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес үшiншi тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.  

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң иесi бiреуден көп болған кезде объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты объектiнiң барлық иелерiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiнде мiндеттi түрде көрсете отырып, олардың кез келген бiреуiмен жасалады.  

2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, моральдық зиянды, қолдан шыққан пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, қауіпті өндірістік фактордың үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянның зардабынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.  

3. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.  

Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.  

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 

Сақтанушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттенедi.  

4. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисiн электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. 

Сақтанушының өтiнiшi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.  

Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге жататын талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 

4-1. Сақтанушының қалауы бойынша объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 

5. Сақтандыру полисi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзбелеп көрсетiлген шарттардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандырy жағдайы бойынша жауапкершiлiгінiң шектi көлемiнiң мөлшерiн қамтуға тиiс.  

Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленедi. 

6. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Егер сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...7 7‑1 8 8‑1 9 ...23

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться