Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 107 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
107-бап. Резервтік әдіс

1. Егер тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101, 103 – 106-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің принциптерімен және ережелерімен үйлесетін тәсілдерді пайдалану арқылы Кеден одағының кедендік аумағында бар деректер негізінде айқындалады. 

2. Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдістері осы Кодекстің 101, 103 – 106-баптарында көзделген нақ сондай әдістер болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде оларды қолдануда икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда мыналарға жол беріледі: 

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны негізге алынуы мүмкін; 

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын бірдей немесе біртекті тауарлармен жасалған мәміле құнының негізінде айқындау кезінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде бірдей немесе біртекті тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылуға және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуге тиіс екендігі туралы осы Кодекстің 103 немесе 104-баптарында белгіленген талаптардан ақылға қонымды ауытқуға жол беріледі; 

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы Кодекстің 105 және 106-баптарына сәйкес айқындалған олармен бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құны негізге алынуы мүмкін; 

бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 105-бабында жазылған әдіс негізінде айқындау кезінде осы Кодекстің 105-бабының 3-тармағында белгіленген күнтізбелік тоқсан күн мерзімнен ауытқуға жол беріледі. 

3. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құны бұрын айқындалған кедендік құнға барынша мүмкін болған дәрежеде негізделуге тиіс. 

4. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құны: 

1) Кеден одағының кедендік аумағында өндірілген Кеден одағының ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы; 

2) кедендік мақсаттар үшін баламалы екі құнның неғұрлым жоғарғысы қабылдануын көздейтін жүйе; 

3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы; 

4) кедендік құнды осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындау кезінде тауарлардың есеп айырысу құнына енгізілуге жататын шығыстардан өзге шығыстар; 

5) әкетілетін елден үшінші елдерге берілетін тауарлардың бағасы; 

6) ең төменгі кедендік құн; 

7) еркін немесе жалған құн негізінде айқындалуға тиіс емес. 

Егер кеден органы осы бапты қолданатын болса, онда кеден органы пайдаланылған деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген егжей-тегжейлі есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

Статья 1 ...105 106 107 108 109 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться