Ст. 134 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
134-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту ұғымы және талаптары
1. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту деп осы Кодексте белгіленген кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру танылады. 2. Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген кезде пайыз қосып есептелмейді.
3. Бұл ретте төлеушіге кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру - мерзімін ұзарту, ал төлеушіге кедендік баждарды көрсетілген бөліп-бөліп төлеу кестесіне сәйкес тең үлестермен кезең-кезеңмен төлеу құқығын беру бөліп-бөліп төлеу болып табылады.
4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылған өтініштің негізінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған негіздердің ең болмағанда біреуі болған жағдайда төлеушіге кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден ұсынады.
5. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен беріледі.
Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей