Ст. 16 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
16-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа көзқарас
1. Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты олар тек қана кеден мақсаттары үшін, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін ғана пайдаланады. 2. Кеден органдарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жетімділік алған өзге де тұлғалардың мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты және басқа да жабық ақпаратты, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқығы жоқ.
Кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты, егер мұндай ақпарат мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тәртібімен және талаптарын сақтай отырып, осы органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты өтініштер бойынша:
1) прокурор санкциялаған, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжделген сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;
2) соттарға – олардың талап етуі бойынша;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
5) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға импорттаушылар бойынша;
6) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Апелляциялық комиссия мүшелеріне ақпарат береді.
4. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттік органға;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаты үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат жария етуге және таратуға жатпайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі), 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей