Ст. 226 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
226-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
2) кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым – кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар;
3) кедендік сараптама объектісі – тауарлар, көлік құралдары, сәйкестендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көлік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар мәліметтер;
4) кедендік сарапшы – кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы;
5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы – кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ресімделген, жүргізілген зерттеулер нәтижелерінің және кедендік сараптаманың қойылған сұрақтарға жауаптар түріндегі қорытындыларын құрайтын құжат;
6) сынама – оңтайлы қажетті, стандарттау жөніндегі құжаттамамен белгіленген, ұсынылып отырған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиетін сипаттайтын тауар немесе тауардың бір бөлігі;
7) үлгі – тауардың (өнімнің) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін, жазбаша және өзге де көріну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект;
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей