Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 301 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
301-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар

1. Мыналарға қатысты: 

1) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілсе; 

2) пайдалану және (немесе) билік ету жөніндегі шектеулер тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды табыс етуге байланысты болса; 

3) мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылса, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін. 

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеруге байланысты белгіленсе, оларды кез келген нысанда пайдалануға (қолдануға, тұтынуға) тыйым салынады 

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін. 

3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі бар және олар кедендік бақылауда болады. 

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу бойынша міндет тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып саналады. 

4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлар оларды нысаналы пайдалану тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып есептеледі. 

Мерзімдерін қоса алғанда, осындай тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және индустриялық-инновациялық даму және өнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы уәкілетті органдары айқындайды. 

5. Шартты түрде шығарылған тауарлар: 

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатқаннан кейін; 

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды табыс еткеннен кейін; 

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомаларының және тауарларды шығарғаннан кейін төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждарын төлегеннен кейін Кеден одағы тауарлары мәртебесіне ие болады. 

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және (немесе) Комиссияның шешімімен өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін, ол кезде шартты түрде шығарылған тауарлар Кеден одағы тауарлары мәртебесіне ие болады. 

6. Кеден одағы тауарларының мәртебесін алу үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен қайта орналастырылуға жатпайды. 

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі не осы Кодекстің 296-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды табыс ету осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда осы Кодексте айқындалады. 

7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылғандар қатарына жатқызудың өзге де жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін. 

Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...299 300 301 302 303 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться