Ст. 36 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
36-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару үшін негіздер
1. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару үшін мыналар:
1) осы Кодекстің 34-бабының 2) – 4) және 7) тармақшаларында белгіленген кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;
2) кедендік тасымалдаушының осы Кодекстің 37-бабының 1) – 3) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
3) кедендік тасымалдаушының өзін кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару туралы өтініші;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
5) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.
2. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығару туралы шешім, шығару себебі көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша кедендік тасымалдаушылар тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берілген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
Лучшие юристы





Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?
2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей