Ст. 386 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
386-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде және ішінара шартты түрде босату
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелінген тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оның шекті мерзімін қоса алғанда, мұндай босатудың талаптары Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) Комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.
2. Егер Комиссияның шешімімен өзгеше белгіленбесе, уақытша әкелінген тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, кеден органы осы тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырған Кеден одағына мүше мемлекет аумағының шегінде пайдаланылады.
3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатылмаған тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босату талаптары сақталмаған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату қолданылады.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде мұндай тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік әкелу баждары, салықтары сомасының үш пайызы төленеді.
4. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің белгіленген кезеңі бойына немесе декларант таңдаған мерзім бойынша, бірақ үш айда кемінде бір рет төленеді. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасын төлеу мерзімділігін кеден органының келісімімен декларант айқындайды.
5. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелу кезінде өндіріп алынатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескерілмей, мұндай тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
6. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатпайды.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей