Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
8-бап. Кеден органдарының негізгі міндеттері

Кеден органдары Кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттерді шешуді: 

1) Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесуді; 

2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді; 

3) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізуді; 

4) кедендік төлемдерді және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын және уақтылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды; 

5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді; 

6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасауды; 

7) өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді; 

9) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуді; 

10) кедендік статистиканы жүргізуді; 

11) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді әзірлеуге қатысуды және іске асыруды;  

12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 

13) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыруды және жетілдіруді, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасауды; 

14) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды; 

15) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысуды; 

16) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысуды;  

17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау жүргізуді; 

РҚАО-ның ескертпесі!

18) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).

18) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізуді; 

19) зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының және карантинді объектілердің әкелінуінен қорғауды қамтамасыз етуді; 

20) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты; 

21) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться