Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 84 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
84-бап. Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібі

1. Декларациялау ерекшеліктері осы Кодексте көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауарлық партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі – құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тұлғаның (өтініш берушінің) берген жазбаша өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қабылдайды. 

2. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім өтініш берушіге мына шарттар бір мезгілде сақталғанда: 

сыртқы сауда шарты (келісімшарты) өтініш берушінің атынан жасалған; 

өтініш беруші тауарларды алушы болып табылған кезде беріледі. 

3. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау жөнінде өтініш: 

нотариат куәландырған сыртқы сауда шартын (келісімшартын); 

өтініш беруші туралы мәліметті; 

тауар туралы мәліметті (атауы, тауардың құрамдас бөліктерінің тізбесі); 

тауарды жеткізу мерзімін; 

тауар орналастырылатын кедендік рәсімді; 

тауарды декларациялау жүзеге асырылатын кеден органының атауын қамтуға тиіс. 

Өтінішке құжаттар қоса беріледі, олардың негізінде жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданады (жұмыс істеу принципі мен функцияларын көрсете отырып, тауардың және оның құрамдас бөліктерінің техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілдерінің сипаттамасы, тауар және оның құрамдас бөліктері жасалған материалдардың сипаттамасы, жинақтау сызбалары, схемалары, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, өндірушілердің каталогтары, бейне материалдар, егжей-тегжейлі ерекшелігі). 

4. Өтініш кедендік декларациялау үшін тауардың бірінші партиясы табыс етілгенге дейін беріледі. 

5. Егер өтініш беруші табыс еткен құжаттар мен мәліметтер жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға жеткіліксіз болса, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы хабарлайды. 

Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етілуге тиіс. 

Егер ақпарат белгіленген мерзімде берілмесе не өтініш беруші тауарды жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс етуден бас тартса, мұндай тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау жөніндегі өтініш қайтарылады. 

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш: 

егер тауардың құрамдас бөліктері құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде сыныптау ережелеріне сәйкес аяқталған немесе жинақталған тауардың коды бойынша сыныпталатын тауарды құрмаса; 

өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда бір-біріне қайшы келетін ақпарат болған кезде қайтарылады. 

Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...82 83 84 85 86 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться