Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 107 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.11.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
107-бап. Кеден органдарының есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді ұсынуы

1. Кеден органы есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде мұндай мәліметтерді: 

1) тіркеуші органға – сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей; 

2) төлеушіге, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес өздеріне өзге мерзім көзделген тіркеуші органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және (немесе) өздеріне осындай мәліметтің ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұлғаларға – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады. 

Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақта көрсетілген тұлғаларға ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады. 

2. Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады. 

Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер сұрау салу кеден органында тіркелген күні кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып ұсынылады. 

Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...105 106 107 108 109 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма


Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться