Ст. 203 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
203-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласындағы шартты түрде шығарылған тауарлармен операциялар жасаудың ерекшеліктері
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осындай тауарларды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және (немесе) олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларда, сондай-ақ оларға дайындықты (оқу-жаттығуларда, жаттығуларда) арттыру жөніндегі іс-шараларда пайдалануға жол беріледі. 2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияларды жасау үшін мынадай шарттар сақталған:
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның тауарлардың осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін қажеттігі туралы жазбаша растауын кеден органына ұсынған;
2) осындай тауарлар декларантының тауарларды осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін беру туралы жазбаша хабарламасын атауы және саны қамтылған тауарлардың тізбесімен қоса ұсынған кезде декларант сұрау салушы тұлғаға жәрдем көрсету үшін пайдалануы және (немесе) сұрау салушы тұлғаға уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары туындаған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның сұрау салуларына жедел ден қою мақсатында осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар кеден органына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды осы бапта көзделген жағдайларда сұрау салушы тұлғаға жәрдем көрсету үшін декларанттың пайдалануы және (немесе) сұрау салушы тұлғаға уақытша пайдалануға беру кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді беру мақсаттары мен шарттарын және (немесе) осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осы тауарларды пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу болып табылмайды.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды сұрау салушы тұлғаға жәрдем көрсету үшін декларанттың пайдалану және (немесе) сұрау салушы тұлғаға уақытша пайдалануға беру мерзімі осы баптың мақсаттары үшін осындай тауарларды тасымалдауды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында көзделген іс-шаралардың мерзімінен аспауға тиіс.
20-тарау. ТАУАРЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЙНАЛДЫРУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей