Ст. 250 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
250-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған не мұндай қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға жататын жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. 2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы күйде әкелінген деп қаралады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күнінен бастап не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды кеден органына ұсынған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылаудағы емес деп есептеледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары өндірістік ысыраптар деп таныған шетелдік тауарлар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей