Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 450 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
450-бап. Жалпы ережелер

1. Осы тарауда айқындалған мақсаттарды іске асыру үшін кеден органдары жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді басқару жүйесі деп түсініледі. 

2. Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) тәуекел – Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамау ықтималдығы;  

2) тәуекел бейіні – тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары және тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар туралы мәліметтердің жиынтығы; 

2-1) тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары – кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды бағалау жүргізілетін белгілер жиынтығы; 

3) тәуекел деңгейі – Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамауға байланысты оқиғалардың басталу жиілігінің және көрсетілген оқиғаның басталуынан болатын ықтимал салдардың (залалдың) арақатынасын сипаттайтын шама; 

4) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар – осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары, кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тәуекелдерді бағалау негізінде қолданылатын өзге де шаралар; 

5) тәуекелдерді басқару – Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтамауға байланысты оқиғалардың басталуын және олардың басталуынан болатын ықтимал салдарды (залалды) барынша азайту жөніндегі кеден органдарының жүйеге келтірілген қызметі; 

6) тәуекелді бағалау – тәуекелді сәйкестендіру, талдау және тәуекел деңгейін айқындау бойынша әрекеттер; 

7) тәуекелді сәйкестендіру – тәуекелді анықтауға, тануға және сипаттауға бағытталған әрекеттер; 

8) тәуекелді талдау – тәуекел саласын және индикаторларын айқындау үшін кеден органдарындағы ақпаратты пайдалану; 

9) тәуекел индикаторы – кедендік бақылау объектісін таңдауға мүмкіндік беретін белгілердің белгісі немесе жиынтығы; 

10) тәуекел саласы – тәуекелді және ол туындайтын жағдайларды сипаттау. 

Ескерту. 450-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...448 449 450 451 452 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Қайда шағымданасыз?

1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде

Негіз: 319-бап.

2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым

Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).

Жаза қолданатын орган — МКБ.

3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)

Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.

Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться