Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы


Утратил силу

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
14-бап. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)

1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы.

2. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) өз мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде шешiмдер қабылдауға заңды құқығы бар.

Егер аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысына (конференциясына) қатысқандардың елу проценттен астамы шешiмдi жақтап дауыс берсе, аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмi қабылданды деп есептеледi.

3. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне:

1) жарғыны және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдердi қабылдау;

2) қызметтiң басым бағыттарын айқындау;

3) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi;

4) алқалы атқарушы органның қаржылық есептiлiктi табыс етуiнiң тәртiбi мен кезеңдiлiгiн, бақылау органының (тексеру комиссиясының) тексеру жүргiзу тәртiбiн айқындау, сондай-ақ олардың нәтижелерiн бекiту;

5) алқалы атқарушы органды, бақылау органын (тексеру комиссиясын) және олардың басшыларын сайлау;

6) жарғыда көзделген басқа да органдар мен олардың басшыларын сайлау;

7) басқару органдары басшыларының қызметi туралы олардың есептерiн тыңдау және бекiту;

8) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiне иелiк ету тәртiбiн белгiлеу;

9) мүшелiкке кiру және мiндеттi мүшелiк жарналарының ставкаларын белгiлеу;

10) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң оның басқару органдары мен олардың басшыларының заңсыз iс-әрекеттерiне шағымдары мен арыздарын қарау;

11) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы басқару органдарының басшыларын мерзiмiнен бұрын керi шақырту;

12) Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысына (конференциясына) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң арасынан делегаттар сайлау;

13) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы жанындағы аралық сот регламентiн және оның құрамын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiту жатады.

4. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысын (конференциясын) аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы жылына кемiнде бiр рет шақырады.

5. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының жарғысында олар бойынша шешiмдер қабылдау аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуi мүмкiн.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться