Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
42-бап. Дауларды қарау

1. Мынадай даулар сот тәртiбiмен қаралады: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) тауар белгісіне немесе тауар шығарылған жердің атауына куәлік берудің құқыққа сыйымдылығы туралы; 

2) тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оны тіркеу әрекетіне қарсы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) айрықша құқығын немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу туралы; 

4) тауар белгісін пайдалануға лицензиялық шарттарды жасасу және орындау туралы; 

5) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танудың құқыққа сыйымдылығы туралы; 

6) егер тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға қабілетті болған жағдайда, Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісін тіркеудің қолданысын тоқтату туралы;  

7) куәліктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар. 

Көрсетілген даулар, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, егер бұған "Төрелік туралы" және "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, тараптардың келісімі бойынша төрелік немесе медиация тәртібімен қаралуы мүмкін. 

Сараптама ұйымының осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген шешімдеріне талап қою арыздары тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Сараптама ұйымы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тауар белгісін, жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданысын тоқтатуды, тауар белгісін пайдалану құқығын табыстауды немесе тауар белгісінің иесін (құқық иеленушіні) өзгертуді тіркеудің күшін жоюды қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне және Тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді, тіркеуге қатысты өзгерістер туралы мәліметтерді жариялайды. 

Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

43-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...41‑3 41‑4 42 43 43‑1 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться