Ст. 13 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
Жолаушының мынадай құқықтары бар: - кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;
- сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;
- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
- халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға.
Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:
- жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;
- көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қалалық және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен багаждың салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
Әуе көлігінде тегiн алып жүретiн қол жүгі мен багаждың салмағын, габариттерін, нормаларын тасымалдаушы белгілейді.
Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.
Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2005.09.29 № 77 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 340-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей