Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13-2 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Ветеринария туралы
13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар

1. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы хабардар етуге жатады.  

2. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұл туралы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін хабардар етуге міндетті. 

3. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің: 

1) ветеринария саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі, немесе техникалық, немесе кәсіптік білімі болуға; 

2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен, жемшөпті өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйыммен еңбек қатынастары болуға міндетті. 

Хабарламаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі. 

4. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады: 

1) ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы); 

2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеудің анықталуы; 

3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталуы;  

4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер. 

Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімімен алты айға тоқтатыла тұрады. 

5. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуын қайта бастау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген кезден бастап жүзеге асырылады. 

Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен олардың жойылғанын тексереді және соның нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хабарламаның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды не хабарламаның қолданылуын қайта бастаудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады. 

Ескерту. 2-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

Статья 1 ...13 13‑1 13‑2 14 14‑1 ...37

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться