Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.02.2024

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлік және сержанттық құрамдардың əскери қызметшісі; 

1-1) азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік қызметтегі немесе еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары; 

2) ауыспалы құрам – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штат санына кірмейтін әскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің санаты; 

3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда көзделген мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары; 

4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру; 

5) əскерге шақыру жасына дейінгілер – əскери есепке алынғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары; 

6) əскерге шақырылушылар – жергілікті əскери басқару органдарының əскерге шақыру учаскелеріне тіркелген жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары; 

7) əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі; 

8) əскери билет – азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты; 

9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты – құрамды, ұйымдық-штаттық құрылымды, жеке құрамның санын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарақ пен әскери техникасы кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындайтын құжат; 

10) əскери есепке алу – əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі; 

11) əскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар. 

Əскери жиындар: 

оқу-жаттығу жиындары – əскери міндеттілерді, əскери оқу орындарына түскен кезде əскерге шақырылушыларды жəне əскери кафедралардың студенттерін даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі; 

тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі; 

арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді; 

12) əскери интерн – əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші; 

13) əскери интернатура – жоғары əскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін əскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны; 

14) əскери кафедра – Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жанындағы, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлауды жүзеге асыратын кафедра; 

15) əскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, əскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік жəне айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) жəне жабдық; 

16) əскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі; 

17) əскери қызмет мерзімі – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметші мəртебесінде əскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі; 

18) əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт; 

19) əскери қызметтен шығару – əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тастау; 

20) əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары; 

21) әскери лауазым – әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер, лауазымдық және арнайы міндеттер жүктелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штаттық бірлігі; 

22) əскери міндеттілер – əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары; 

23) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер; 

24) əскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті; 

25) əскери оқу орны – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты жəне əртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы; 

25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы – Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары; 

26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық – орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні); 

27) далалық шығу – далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру жəне жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау; 

28) докторант – докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші; 

29) еңбек сіңірген жылдары – азаматтың əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы; 

30) жалпыға бірдей əскери оқыту – Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде əскери даярлыққа міндетті оқыту; 

31) жеке құрам – әскери қызметшілер және азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер); 

32) кадет – техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында білім алып жатқан əскери қызметші; 

33) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары; 

34) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында немесе шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші əскери атағы берілетін əскери қызметші; 

35) курстық даярлық – халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сəйкес шет мемлекеттердің əскери оқу орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, Қарулы Күштердің əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қосымша білім беру нысаны; 

35-1) Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының президенттік резерві – Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығының лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) айқындалған ерекше іріктеу тәртібінен өткен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тізімі; 

36) қолданыстағы резерв – барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын əскери қызметшілер; 

37) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы – əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша, сондай-ақ шаруашылық қызметі негізінде көлік құралдарын басқару бойынша жəне техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым; 

38) магистрант – магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші; 

39) мерзімді əскери қызмет – ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет; 

40) отставка – əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы; 

41) офицерлер – офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер; 

42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер – Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы; 

43) ротация – əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру; 

44) сарбаздар (матростар) – қатардағы құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер; 

45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер; 

46) тəрбиеленушілер – əскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары; 

47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер, катерлер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің теңізге шығуы; 

48) уәкілетті лауазымды адам – Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам; 

49) уəкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган; 

50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар; 

51) ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi. 

Бұл ретте сот істе бар және ұсынылған дәлелдемелерді осы Кодексте көзделген тәсілдермен зерттейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын жою мақсатында сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы емес. 


добрый день, Толеген Жангельдинович.

я сегодня звонила вам по телефону по поводу правомерного отношения учителей школы к прическе моей внучки, если помните.

хотела бы поблагодарить вас за быстрый и полный ответ мне. желаю вам успеха в вашей работе.


Добрый день, подскажите пожалуйста. Разрешено ли использование газовых горелок для приготовления еды в кабине грузового автотранспорта?


Ассалаумалейкум менің квартирама ұрылар түсіп ақшамды алып кетті, тергеуші арыз шағымды келіп алып кетті. Енді он күн болды ешқандай хабар жоқ телефон соқсақ жұмыс жасап жатырмын деген жауаптан басқа жауап жоқ .Алдында камерамен қарап күдіктіні таптық деген болатын. Енді кімнен білсе болады ары қарай іздестіру шарасы жүріп жатқанын?


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться