Ст. 42-5 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
42-5-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгіну
1. Тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда өтініш беру жолымен не Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтінішпен не шағыммен жүгінуге құқылы. Тұтынушы жазбаша нысанда жүгінген кезде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе уәкілетті орган мұндай өтінішті Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді және оны құзыретіне сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға жіберуді қамтамасыз етеді.
2. Тұтынушы сатушының (дайындаушының, орындаушының) ерікті түрде құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылықтарды жоюы, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан залалды (зиянды) өтеуі туралы наразылықпен оған жүгінген кезден бастап, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше мерзім белгіленбесе, екі айдан кешіктірмей тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
3. Тұтынушының өтінішіне:
1) сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушының өтінішіне жауабының көшірмесі, ал егер осы Заңда белгіленген мерзім ішінде сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы алынбаған болса, – тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өтінішінің көшірмесі (бар болса);
2) өтініште жазылған мән-жайларды растайтын өзге де құжаттар (бар болса) қоса тіркеледі.
4. Тұтынушының өтінішінде:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса), пошта мекенжайы;
2) өзіне қатысты тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (заңды тұлғаның атауы, пошта мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса);
3) тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары көрсетілуге тиіс.
Өтініште байланыс деректері (телефон, факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де мәліметтер), сондай-ақ тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) және сатушының (дайындаушының, орындаушының) әрекеттерін фото-, аудио-, бейнетіркеуді қоса алғанда, өтініш дұрыс және уақтылы қаралуы үшін қажетті, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығын растайтын материалдар көрсетілуі мүмкін.
5. Өтініш Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда өтінішке қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса тіркеледі.
Қажет болған жағдайда, тұтынушының өтінішін қарайтын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұсынылған құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларын құжаттарды сұратуға құқылы.
Лучшие юристы





Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей