Ст. 104 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
104-бап. Эпидемиялардың, инфекциялық аурулардың пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу жағдайлары
1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралу қаупі төнген жағдайда, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді. 2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралу қаупі төнген жағдайда, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді.
3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен енгізіледі (күшін жояды).
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға (таратылуға) және міндетті түрде орындалуға жатады.
4. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру жөніндегі жедел басшылық төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше ахуалдар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.
5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
6. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин уәкілетті орган белгілейтін, Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындаудың өлшемшарттарына сәйкес аумақтық ерекшеліктерге, жұқпалылыққа, берілу жолдарына, өлім деңгейіне және инфекциялық аурулар таралуының басқа да эпидемиялық мәні бар факторларына қарай енгізіледі.
6-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мониторингтік топтар құруы мүмкін.
Құрылған мониторингтік топтар, олардың құрамы және өкілеттіктері туралы ақпарат, сондай-ақ мониторингтік топтың әрекет ету алгоритмі бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.
Мұндай топтардың қызметі жеке және заңды тұлғалардың инфекциялық аурулардың таралу қатерінің алдын алуға байланысты қоғамдық тәртіпті, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтауына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мониторинг жүргізу тексеру болып табылмайды және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарына жатпайды.
Мониторинг жүргізу үшін көрсетілген топтар объектіге барған кезде көрсететін, мониторинг тағайындау туралы электрондық нысандағы актіні алу үшін ақпараттық ресурста алдын ала тіркелуді жүзеге асырады.
Мониторингтік топтардың инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылу белгілерін көрсететін фото- және бейнеақпаратты кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберу үшін, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына араласпай және заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмей, жинауға құқығы бар.
Мониторингтік топтардың құзыретіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау жатпайды.
Мониторингтік топтар өз қызметін инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шеңберінде жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісін мониторингтеу нәтижелері бойынша инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы береді.
Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Мониторингтік топтар қызметін жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және заңнамасына сәйкес меншікке қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
7. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағына шетелден кіруді (Қазақстан Республикасының аумағынан шығуды) және жекелеген өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) көлік құралдарының (әуе, теміржол, автомобиль көлігінің) жүріп-тұруын шектеуді;
2) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызметін шектеуді;
3) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық, діни және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ бала тууға, үйлену тойына, қазаға байланысты отбасылық ғұрыптарды ұйымдастыруға және өткізуге шектеу қоюды;
4) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді өндіруге, әкелуге, әкетуге, қолдануға және өткізуге шектеу қоюды;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде жанаспайтын термометрияны, зертханалық зерттеп-қарауды жүргізуді және қажет болған жағдайда инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды оқшаулауды;
6) инфекциялық аурулармен ауыратындарды зертханалық зерттеп-қаралуға, оқшаулануға және емдеуге жатқызуға (немесе үйде оқшаулануға), медициналық байқауға алынуға, емделуге жіберуді;
7) инфекциялық ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын адамдарды, инфекциялық науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ инфекциялық ауруға күдікті адамдарды зертханалық және медициналық зерттеп-қаралуға және оқшаулануға жіберуді;
8) инфекциялық аурулардың жеке және ұжымдық профилактикасы шараларын қолдануды;
9) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді қамтиды.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 259-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 142-бап. Анатомиялық сый ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 63-бап. Денсаулық сақтау субъектілері ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей