Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 170 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
170-бап. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамға қатысты сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады. 

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда: 

1) амбулаториялық жағдайларда психиатрдың мәжбүрлеп байқауы және емдеуі; 

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу; 

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу; 

4) қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады. 

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін стационарға орналастырылған адам стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады. 

4. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 

5. Қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есепке алу мен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

6. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу түрінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымды күзету осы ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

7. Қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзету уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 

8. Қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымды күзетудің инженерлік-техникалық құралдарымен жабдықтауды уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіпке сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 25.04.2025 № 185-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...276

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?


Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?


Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?


Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться