Ст. 25 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
25-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге мыналар жатады: 1) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;
2) денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдар;
3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;
4) денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау бойынша басқару қызметіне даярлығын растауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер.
2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган аккредиттеген денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге қызметтің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдар жатады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аккредиттеген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіби қауымдастықтар жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар жатады.
4. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.
5. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу медициналық ұйымның қаражаты есебінен жүргізіледі және медициналық ұйымдарды материалдық және материалдық емес ынталандыру құралы болып табылады.
Медициналық ұйымдарды аккредиттеу уәкілетті орган бекітетін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және жоғары колледждер мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында клиникалық мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру кезінде ескеріледі.
6. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
7. Аккредиттеуден кейінгі мониторингке осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен тұлғалар жатады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей