Ст. 257 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
257-бап. Медициналық бұйымдардың тиімділігіне, қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын жалпы талаптар
1. Медициналық бұйымдар өндіруші айқындаған олардың мақсатына сәйкес келетін жағдайлар мен мақсаттарда пайдаланылған кезде және қажет болған жағдайда пайдаланушының техникалық білімі, тәжірибесі, білімі немесе арнайы даярлығы, клиникалық және физикалық жағдайы ескеріле отырып, олар өндіруші айқындаған мақсатқа сәйкес әрекет ететіндей және оларды қолдануға байланысты тәуекел пайдаланушы үшін пайдамен салыстыру кезінде қолайлы болып табылатын жағдайда пайдаланушы мен үшінші тұлғалар үшін қауіпсіз болатындай етіп жобаланады және дайындалады. 2. Медициналық бұйымдар тасымалдау кезінде және қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақтау процесінде олардың пайдалану сипаттамалары мен тиімділігі бұзылмайтындай етіп жобаланады, дайындалады және қапталады.
3. Медициналық бұйымдар өндіруші көздегендей тиімді болуға тиіс, қалыпты пайдалану жағдайларында олар өндірушінің айқындаған мақсаттарына сәйкес болатындай етіп жобаланады және дайындалады.
4. Медициналық бұйымның пайдалану сипаттамалары мен тиімділігі медициналық бұйым қалыпты пайдалану жағдайларында туындауы мүмкін әсерлерге ұшыраған және техникалық қызмет көрсету қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілген жағдайда өндіруші айқындаған пайдалану мерзімі ішінде пайдаланушылардың және үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретіндей деңгейге дейін өзгермеуге тиіс.
5. Әрбір медициналық бұйым үшін осы медициналық бұйымды және оның өндірушісін, шығарылған елін сәйкестендіру үшін қажет ақпарат, сондай-ақ медициналық бұйымның қауіпсіздігіне, оның функционалдық қасиеттері мен пайдалану сипаттамаларына қатысты пайдаланушыға (кәсіби немесе кәсіби емес) арналған ақпарат беріледі. Мұндай ақпарат медициналық бұйымның өзінде, қаптамада немесе қолдану жөніндегі нұсқаулықта орналастырылады.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей