Ст. 32 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
32-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында көзделген құқықтардан бөлек, мыналарға: 1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды және (немесе) бейінді мамандарды тартуға;
2) денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында бақылау жүргізуге қажетті құжаттардың көшірмелерін жасауға және денсаулық сақтау субъектісінің медициналық ақпараттық жүйесінен тиісті деректерді (электрондық денсаулық паспорттары, электрондық карталар және оларға енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі есептер) алуға;
4) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды және (немесе) бейінді мамандарды тарта отырып, комиссия құруға бастамашылық жасауға құқығы бар.
2. Профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға профилактикалық бақылаудың, тексерудің немесе тергеп-тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштермен жүгінуге тыйым салынады.
3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығарады:
1) денсаулық сақтау субъектісін тексеру нәтижелері туралы акт - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам субъектінің (объектінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексеру, оны профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша беретін құжат;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
3) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың:
төмен тұрған лауазымды адамдар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұру немесе күшін жою не оларды кері қайтарып алу;
медицина қызметкерлерін жұмыстан уақытша шеттету;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары.
4. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік медициналық инспекторы және (немесе) оның орынбасары тексеру нәтижесі негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының басшысына нұсқама шығаруға құқылы.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды
Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей