Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 90 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
90-бап. Алғашқы көмек

1. Алғашқы көмек - бұл оқиға орнында зардап шегушінің өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) медицина қызметкерлері келгенге дейін жүргізетін, шұғыл жағдайлар кезінде адамның өмірін құтқаруға, асқынулардың алдын алуға арналған, сондай-ақ кезек күттірмейтін жағдай кезінде зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді төмендету мақсатындағы жедел базалық іс-шаралар кешені. 

Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар көрсете алады. 

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушыларды даярлауды уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады. 

3. Алғашқы көмек курстарынан міндетті түрде өтуге жататын жұмыскерлер контингенті көрсетілген кәсіптер тізбесін, сондай-ақ олардан өту мерзімділігін уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бекітеді. 

4. Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін уәкілетті орган бекітеді. 

5. Алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының өз қаражаты есебінен жүргізіледі. 

6. Алғашқы көмек көрсету стандартын уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 25.04.2025 № 185-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...88 89 90 91 92 ...276

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться