Ст. 95 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
95-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Санитариялық қағидалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және мыналарға: 1) объектіні салу үшін жер учаскесін таңдауға;
2) жаңа объектілерді жобалауға, салуға, қолданыстағыларын реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, объектілерді жөндеуге және пайдалануға беруге;
3) өндірістік, қоғамдық, тұрғын және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, жабдықты, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;
4) объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауабаптауға;
5) шикізатты қабылдауға, сақтауға, қайта өңдеуге (өңдеуге);
6) тағамдық өнімдерді өндіру, өлшеп орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату, темекі өнімін кәдеге жарату жағдайларына;
7) иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) өндіру, өлшеп орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою жағдайларына;
8) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, улар мен улы заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың токсиндерін, биологиялық заттар мен материалдарды) қолдануға және пайдалануға, кәдеге жаратуға (жоюға), тасымалдауға, сақтауға, көмуге және олармен жұмыс істеу жағдайларына;
9) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;
10) дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру жағдайларына;
11) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімге;
12) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру, кәдеге жарату технологияларына және жоюға;
13) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практикасы, дене бітімінің дамуы, еңбек етуі, демалуы, тамақтануы, сумен жабдықталуы және медициналық қызмет көрсетілуі жағдайларына;
14) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемесі мен сабақтар режиміне;
15) медициналық бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына;
16) халықтың арнайы (балалар, диеталық емдік және диеталық профилактикалық), емдік-профилактикалық, қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
17) су көздеріне (шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;
18) өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
19) дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, жабдықты, материалдар әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекциялық қызмет объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
20) жолаушыларды тасымалдау жағдайларына;
21) объектілерді таратуға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;
22) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
23) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтану жағдайларына;
24) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;
25) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыруға, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуге, халықты медициналық қарап-тексерулерді, оларға профилактикалық екпелерді жүргізуге;
26) санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтарына, санитариялық бөліктерге;
27) жұмыс орындарындағы шудың тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы және тұрғын үй құрылыс салу аумағындағы шудың жол берілетін деңгейінің оңтайлы деңгейлеріне;
28) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге;
29) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағында, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарында дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге;
30) көпшілікті тамақтандыру объектілерінде жекелеген тағамдардың, азық-түлік пен өнімнің (тауарлардың) дайындалуы мен өткізілуіне тыйым салуға қойылатын талаптарды қамтиды.
2. Гигиеналық нормативтер зиянды заттардың (химиялық, биологиялық), физикалық әсерлердің жол берілетін шекті шоғырлануының, радиациялық әсердің жол берілетін деңгейлерінің нормативтерін белгілейді, оларды сақтау адамға өмір сүру үшін қолайлы және денсаулыққа қауіпсіз мекендеу жағдайларын қамтамасыз етеді.
3. Гигиеналық нормативтер:
1) жұмыс аймағының микроклиматына, ауа алмасуына, ауасына, өндірістік, тұрғын және басқа да үй-жайлардың, өнеркәсіптік құрылыс салу аумағының физикалық факторларына;
2) өнімнің (тауарлардың) және мекендеу ортасының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігіне;
3) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдарының аумақтарындағы атмосфералық ауаға;
4) қоршаған ортаға зиянды заттардың физикалық факторларына, жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділеріне;
5) өнімнің, технологиялық жабдықтың жаңа түрлеріне, процестерге белгіленеді.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей