Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Астық туралы
7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау

1. Қазақстан Республикасының аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларға және қолданылып жүрген стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келуге тиіс. 

2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.  

3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:  

1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;  

2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.11 № 231, 2003.10.13 № 488, 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-1-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібі 

Ескерту. 7-1-бап алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі 

Ескерту. 7-2-бап алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау  

1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады. 

2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.  

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. № 488, өзгерту енгізілді - 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Астық тасу  

1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темiр жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.  

2. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

3. Кез келген көлiк түрiмен тасымалдауға жататын астық партиясымен осы көлiк түрiмен жүк тасу қағидаларына сәйкес оның техникалық регламенттердің және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар бірге жүреді. 

4. Алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13 № 488, 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-1-тарау. Астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне
қойылатын қауiпсiздiктiң жалпы талаптары


Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
9-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi  

Астық және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
Статья 1 ...6‑3 6‑4 7 7‑1 7‑2 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться