Ст. 42-1 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94
Тұрғын үй қатынастары туралы
42-1-бап. Жиналыс
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақты екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жиналыста қабылданған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі үшін міндетті болып табылады.
Жиналыс шешімі хаттамамен ресімделеді.
2. Жиналыстың құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) үй кеңесінің мүшелерін сайлау, қайта сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
2) ревизиялық комиссияны (ревизорды) сайлау, қайта сайлау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
3) кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау не үй кеңесіне басқару нысанын таңдау туралы өкілеттіктерді беру туралы шешім қабылдау;
4) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыны немесе басқарушы компанияны таңдау не үй кеңесіне осындай өкілеттіктерді беру туралы шешім қабылдау;
5) мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысын бекіту немесе жай серіктестік шартын жасасу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) күнтізбелік бір жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) күнтізбелік бір жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасының орындалуы туралы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жылдық есепті бекіту;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындау, сондай-ақ оның құрамын өзгерту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшерін бекіту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) орынтұрақ орнын күтіп-ұстау үшін ақы төлеу мөлшерін бекіту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы шешім қабылдау;
12) нысаналы жарналар жинау және олардың мөлшері туралы шешім қабылдау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге тұрғын үй қарызын алу туралы шешім қабылдау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15) қажет болған кезде, есепті кезеңдегі қызметінің қорытындысы бойынша үй кеңесіне және ревизиялық комиссияға (ревизорға) сыйақы мөлшерін келісу;
16) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамына еңбекақы төлеу мөлшерін келісу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де мәселелер.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесін үй кеңесі жиналыстың өткізілетін күні туралы кемінде күнтізбелік он күн бұрын жеке-дара, сондай-ақ электрондық пошта немесе ұялы байланыс арқылы және жалпыға қолжетімді орындарда хабарландыру орналастыру жолымен хабардар етеді.
4. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне бірнеше пәтер, тұрғын емес үй-жай тиесілі болса, ол тиісінше дауыс санына ие болады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.
Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесінің басқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қалай дауыс бергенін білуге құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Жиналыс осы баптың 2-тармағының 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-1, 6-2-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетіле отырып, дауыс берген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тізімі жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, тігіледі және нөмірленеді.
8. Жиналыс хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері;
2) дауыс беруге шығарылған мәселелер;
3) жиналыстың өткізілетін күні, нысаны, уақыты (дауыс беру мерзімдері);
4) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы саны;
5) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетіле отырып, жиналысқа қатысып отырған пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің саны;
6) шақырылған адамдардың (болған жағдайда) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) жиналыс төрағасының, хатшысының, үй кеңесі мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
8) дауыс беру нысаны мен қорытындысы;
9) жиналыста қабылданған шешім;
10) жиналыс хаттамасына қосымша.
9. Жиналыс хаттамасына жиналыстың төрағасы, хатшысы, үй кеңесінің мүшелері қол қояды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Жиналыс жылына бір реттен сиретпей өткізіледі. Жиналыс үй кеңесінің, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамының бастамасы бойынша не ревизиялық комиссияның талап етуі бойынша, не пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша не тұрғын үй инспекциясының бастамасы бойынша шақырылады.
Жиналыстардың хаттамалары үй кеңесінде немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамында сақталады. Жиналыс хаттамаларының көшірмелері пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің талап етуі бойынша беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Дауыс беру тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы өткізілген кезде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып дауыс береді немесе қағаз хаттамаға өзі қол қояды.
Электрондық дауыс беру қорытындысы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы тіркеледі.
12. Жиналыста қабылданған, хаттамамен ресімделген шешімдер сотта, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда даулы және өзге де мәселелерді қараған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің еркін білдіруі түріндегі құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; жаңа редакцияда – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Сәлеметсіз бе? Атамның микрокредитін қателесіп өз атымнан УГД төлеп жібердім, қалай қайтарып алуға болады?
здраво свима, овде сам да поделим мало сведочанства. Моје име је Наоми Самуел, имам 40 година, удала сам се са 31, имам само једно дете и живела сам срећно до краја живота. После годину дана брака мој муж је постао тако чудан и не разумем баш шта се дешава, он је препун од куће до друге жене, толико га волим да и не сањам да ћу га изгубити, дајем све од себе да будем сигуран муж ми се враћа, али све без помоћи, плачући и плачући тражећи помоћ, причала сам о томе са његовом породицом али нисам добила одговор. Тако је моја најбоља пријатељица Ана Јохансон обећала да ће ми помоћи. Причала ми је о човеку по имену др Апата, рекла ми је да је он велики човек и прави човек коме се може веровати и да нема никакве везе са љубавним проблемима које не може да реши и рекла ми је како је помогао безбројним људима у обнављању њиховог односа . Био сам заиста убеђен, брзо сам контактирао његову имејл адресу, драпата4 @гмаил.цом или његов ВхатсАпп/вибер са тим бројем (+66 81 302 8552). Објаснио сам му све своје проблеме, рекао ми је да не морам да бринем да ће сви моји проблеми бити одмах решени. Рекао ми је шта да радим да вратим мужа, а ја сам то рекла, рекао је да ће се после 3 дана мој муж вратити и почети да моли, и то се заиста догодило како је рекао, била сам веома изненађена, то је тако невероватно. Слава нашег односа са Богом је сада веома блиска и обоје живимо срећно до краја живота. Ако наиђете на сличан проблем, одмах га контактирајте и решите проблем једном заувек. И ја сам живи сведок
Мој бивши муж и ја смо раскинули пре годину и два месеца, а ја сам била у шестом месецу трудноће. Обоје се волимо и то је био шок за мене и заиста ми је сломило срце. Покушао сам да га позовем и обе линије су биле прекинуте. Покушао сам да дођем до њега на друштвеним мрежама, али ме је склонио са њих. Покушао сам да дођем до његових родитеља и они су ми рекли да је њихов син рекао да ме не воли и да не жели да ме види и да не знају шта није у реду. Плакала сам и плакала сваки дан јер сам га много волела. Док се нисам породила и беба није имала годину дана, нисам могла да вратим своју љубав. Опет сам био збуњен. Не знам шта да радим, а остала сам и без посла и немам новца да се бринем о беби. Била сам несрећна у животу па сам плакала сестри и рекла јој свој проблем и рекла да зна за моћну чаролију која је бачена др апатом која јој помаже када није могла да затрудни. Контактирала сам га путем е-поште и он је рекао да ће ми помоћи и рекао ми је да је жена ставила чини на мог мужа и рекла да ће ми помоћи да разбијем чини тако да ће ми се муж заувек вратити и да ће бити мој. За мене је било велико изненађење што се догодило све што је рекао. Муж ми се одмах вратио и рекао ми да му опростим. Хвала вам пуно овом моћном и искреном чаролију. Молим се да ће дуго живети и радити више од свог дивног дела. Ако имате проблем који вас мучи у животу, обратите се овом моћном играчу чаролија! Он ти може помоћи. Неће вас изневерити, можете га контактирати преко гмаил адресе: драпата4@гмаил.цом или га можете контактирати преко његовог вибера/вхатсапп-а:(+66 81 302 8552)
Салеметсиз бе!Бизде 49жылга берилген жер бар еди Акемнин атында.Бирак ГосАкт Акемнин бауырында.Ол киси гос актты бермейди не корсетпейди.бизге жер сатылды деп колхат жаздырып акша Берген еди бираз.Биз бирак нотариуска да бармадык купли продажанын кагаздарын да кормедик
Биздин келисимизсиз сатып жибере ала ма Ол киси?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей