Ст. 251 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегі банктік шоттарға ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын: 1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсiмдердi;
2) Қазақстан Республикасының резиденті импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына аударған, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы –
есепке жатқызылмаған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын және егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмайтын жағдайларда, басталады.
Ескерту. 251-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

город Астана, ул.Туркестан 2, выезд в регионы
Комментариев: 30
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Всего

London
Всего

Всего
Новые комментарии на сайте
Гость
19.02.25 21:28:31
Гость
19.02.25 21:14:06
Гость
19.02.25 21:12:09
Гость
16.02.25 21:29:46
Гость
16.02.25 21:27:54
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей