Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi

Ескерту. 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады. 

2. Егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады. 

Ескертпе. 

Осы Кодекстiң баптарында көлiк құралын меншiк құқығымен иеленетiн жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берiлген жеке тұлғалар көлiк құралдарының иелерi деп танылады.  

Осы Кодекстiң баптарында сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды байқау мен тiркеудiң метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi мен уақытын, көлiк құралының түрiн, маркасын, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн, сондай-ақ жүрiсiнiң жылдамдығы мен бағытын тiркейтiн фото-, бейне аппаратураны түсiну қажет. 

Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...920

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Менде сұрақ!

Апрельде түскен штраф августта келіп тұр

Страховкада 4 адам, мен 1-ші тұрмын, учет авто киргиз!

Нарушенияны мен жасағанмын! Бірақ оның штрафы ағама келген, оны ағам ұмытып кеткен, потом судоисполнительдер ватсапқа жіберіп 1-ші штрафты төлеткен,

2-ші штрафта сотқа өтіп оны 38мыңға апарды, судоисполнительге кім прованарушения жасады соған жібер десе, ол ондай болмайды штраф бардыма төлеуге міндеттісің деген!

Кім прованарушения жасады соған штраф жіберуі керек емеспа?

Біреудің нарушениясы үшін екінші адам жауапқа тартылмайдығой әрине!?

Штраф тіркелген күннен бастап қанша күн ішінде келуі қажет?

кешіккен штрафтың күші қанша уақытта жойылады?

Одан қалай құтылуға болады? Немесе кім норушения жасады соған аударуға болама?

Мысалы; 3 күн ішінде штраф келсе оны тексеріп, қайда, қалай, не себеп, не өзгеріс, заңдыма, триножка тығылып түсіргенжоқпа дегенді білуге болар еді! Ал 3-4 ай бұрын не болғанын қайдан білесің?

Мысалы Тараз Шымкент жолында күйік асуында гаи арқанмен заң бұзып түсіріп тұрды, мигалка арты өшік алды қосылып тұр, көлік сайға қарай жылдамдық асып кетті, ал олар сондай жерлерге тығылып тұрады екен,

3 күн ішінде штраф келсе регистраторда запис тұрар еді, мен сотқа барып арыз жазар едім,

Гаи лердің міндеті "жол қауіпсіздігін сақтау" емеспа?

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться