Ст. 331 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
331-бап. Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу немесе ақаулы құрылысжайларды немесе жабдықты пайдалану – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын және сарқынды сулардың төгіндісін тазалау және (немесе) бақылау үшін құрылысжайларды немесе жабдықты пайдаланбау –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа, эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
эмиссия көзіне немесе өндірістік учаскеге қатысты экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 331-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 328-бап. Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 335-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi заңнаманы бұзу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей