Ст. 488 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
488-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысты ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды ұйымдастырушыларға және (немесе) оларға қатысушыларға үй-жайлар не өзге де мүлік (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықты, көлікті) беру немесе оларды ұйымдастыру және өткізу үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастыру және (немесе) өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жасаған әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 488-бап жаңа редакцияда – ҚР 25.05.2020 № 334-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей