Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 62 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
62-бап. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату

1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2. Жеке тұлға лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, қоғамдық жұмыстардан жалтарғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, мемлекеттік құпиялар, табиғи монополиялар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. 

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. 

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. 

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. 

2-1. Жеке тұлға салық салу, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында, кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен ескіру мерзімі бес жыл болып белгіленген заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) тиісінше салық салу саласындағы, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. 

Заңды тұлға (оның ішінде дара кәсіпкер) зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшін құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. 

3. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде, сондай-ақ бюджеттік қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғылатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды. 

Қаржы саласында, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, оңалту және банкроттық кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. 

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасағаны үшін заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады. 

4. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінің ережелері әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және бұл туралы қылмыстық істі тергеп-тексеру немесе сот қарауы барысында белгілі болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 405-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен мұндай құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаға, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкімшілік жаза қолдануға құқылы. 

5. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі сараптама тағайындалған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қарау кезеңіне, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ іс сотқа немесе мемлекеттік органның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген лауазымды адамына жіберілген кезден бастап, сондай-ақ одан әрі іс жүргізілуіне кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұрады. 

Бұл мерзімдерді есептеу сараптама нәтижелері алынған кезден бастап, прокурорлық қадағалау және ден қою актісі бойынша шешім қабылданған күннен бастап, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде жеткізілген, сондай-ақ еңсерілмейтін күштің әсері тоқтаған кезден бастап қайта басталады. 

5-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімінің өтуі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің, ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген кезден бастап тоқтатыла тұрады. 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімін есептеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы немесе "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген кезден бастап қайта басталады. 

6. Құқық бұзушының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған кезде қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешім келіп түскен күннен бастап үш айдан кешіктірілмей әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. 

7. Егер осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдер өткенге дейін тұлға жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолдану мерзімінің өтуіне үзіліс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзімді есептеу жаңа әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезден басталады. 

8. Судьяның немесе уәкілетті органның әкімшілік іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге қарамастан, ол заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде берілген кассациялық сот төрағасының ұсынуы, прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін. 

Ескертпелер. 

1. Осы бөлімнің Ерекше бөлігінің бабында көзделген белгілі бір іс-әрекеттің бірыңғай құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталатын және анықталған кезінде аяқталмаған әкімшілік құқық бұзушылық созылып кеткен бұзушылық деп танылады. 

2. Іс бойынша одан әрі іс жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсері деп осы жағдайлар кезіндегі төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайларды (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және сол сияқтылар) түсінген жөн. 

Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.06.2026 № 318-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...920

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться