Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 641 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын: 

1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің, дербес деректер қамтылған базаның меншік иесінің және (немесе) операторының, сондай-ақ үшінші тұлғаның оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы; 

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу; 

3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту; 

6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нәтижесі бар актісі жоқ "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық – 

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау – 

лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иесінің немесе иеленушісінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және оларға ден қою нәтижелері туралы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде құлақтандырмауы – 

жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген бірінші басшыларды, басшылардың орынбасарларын, аппараттар басшыларын не оларды алмастыратын адамдарды түсінген жөн. 

Ескерту. 641-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-тарау. ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛІК, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ҚОРҒАНЫС
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Статья 1 ...639 640 641 642 643 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться