Ст. 750 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушыны өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тапсыруымен немесе келiсімімен басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының жиырма төрт сағат iшiнде қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыным жасауға құқылы емес.
4. Әкiмшiлiк ұстап алу жағдайында, егер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға таңдап алған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн болмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
5. Адвокаттың, заң консультантының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) оған негiздер болған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаны заң көмегiне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
6. Осы Кодекстiң 749-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат, заң консультанты жеке тұлғаға қатысты жүргізілетін іс бойынша іс жүргізуге тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың, заң консультанттарының еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
7. Адвокат өзінің адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде, заң консультанты куәлігін немесе тізілімнен үзінді көшірмені және өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның жазбаша келісімін көрсеткен кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың, заң консультантының нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 748-бабының екінші бөлігінде көрсетілген басқа да адамдар өздерінің іске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, сондай-ақ осы Кодекстің 746-бабының үшінші бөлігінде және 747-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.
Ескерту. 750-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
если моя бабушка родился в 1967 году ему исполняется 61 год на 2028 году теперь вопрос когда она выйдет на пенсию на 2028 году или на 2029 году
Если у ребенка до 16 лет уже есть паспорт РК, должен ли паспорт родителя подтверждать его гражданство
РАГС вообще не хочет исполнять свою работу как надо. Не позволяют мне сменить фамилию из-за "отсутствия уважительной причины", хотя в законе прописано что неблагозвучность является основанием для перемены. В суд на них давно не подавали, ничего, исправим.
Пидарасы одним словом. Даже уехать спокойно не дадут. В миграционной никто не информирует, а потом начинают крепить на границе за « второе гражданство» Черти
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей