Ст. 767 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
767-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары
1. Ауызша немесе жазбаша нысанда хабарланған, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелері, жәбiрленушi мен куәнiң айғақтары iске қатысы бар мәлiметтердi білдіреді. Қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында бейнеконференция байланысы режиміндегі ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылуы мүмкін.
Бейнеконференция байланысының құралдарын осылайша қолдану тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.
2. Өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы немесе іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы хаттамада көрсетіледі, ал қажет болған кезде – сауал қою хаттамасымен ресiмделiп, iске тiгiледi.
3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға түсiнiктемелерiнің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес.
Ескерту. 767-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Нужна ли санитарная книжка для работников офиса в сфере общепита?
Здраствуйте у меня такой вопрос. Объязательно ли регистрация работника через центр занятости населения,если работника отбирал сам работодатель.
Здравствуйте! Имею ли я право как родитель-опекун своей дочери, которая является инвалидом 1 группы с детства (ДЦП) работать на стороне? Пособие по опекунству составляет 48 тысяч тенге. Плачу за аренду квартиры - 30 тысяч тенге. Оставшихся денег не хватает на коммунальные услуги и питание. Не повлияет ли моя зарплата на пособие по опекунству? Воспитываю дочь одна. Кроме дочери инвалида есть еще одна несовершеннолетняя дочка.
можно ли работника принять на работу в субботу и чтобы он уже в этот день начал, при том что у нас 5 дневка.
Добрый день! Подскажите пожалуйста, деятельность по ОКЭД 46.75.1 предусматривает ли получение дополнительных разрешений? Лицензий и т.п.?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей