Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 872 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
872-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына немесе судьясына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі

Ескерту. 872-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын немесе судьясын өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсуiнсiз күштеп әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды. 

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын немесе судьясын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын немесе судьясын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi. 

3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 872-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...870 871 872 873 874 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?


2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться